20
май
2020
IT және робототехника кабинеті туралы ақпарат. 2019-2020 оқу жылы
IT және робототехника кабинеті туралы ақпарат
«Каменка орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылы
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Каменка орта мектебіне «Қайрат» ш/қ басшысы И.Э. Закаев қазіргі заманғы қондырғы – робототехника кабинетін сыйға тартты.
2018-2019 оқу жылы Роботехника кабинетіне қосымша IT сыныбы ашылды. .Сынып соңғы үлгідегі компьютер жабдықтарымен жабдықталған.
Қазіргі таңда IT және робототехника сыныбы екі бағыт бойынша жұмыс істейді.
1 –бағыт: 3Д моделдеу және Интернет. Телекоммуникациялық желілер
2 – бағыт: Робототехника
«3 Д модельдеу және Интернет. Телекоммуникациялық желілер» бағыты бойынша орыс тілі мұғалімі Сулейменова Альмира Казбековна жұмыс жүргізсе, 2 –бағыт «Робототехника» бойынша IT курсын өткен математика пәні мұғалімі Уалиева Жаныл Нурмухамедовна жұмыс жүргізеді.
Қондырғыны алғаш әкелінген күнінен бастап -ақ «Робототехинка» бойынша курстан өткен, информатика мұғалімі, мектеп директоры А.А. Калижарова оқушылармен бірлесіп жұмысқа кірісіп, оқушылар техника ғылымының жаңа құпияларымен таныса бастады. Мектеп бойынша робототехника үйірмесіне 15 бала қатысады. 2017-2018 оқу жылының барысында оқушылар сыныптан тыс уақытта роботтарды модельдеумен айналысып, роботтар құрастырды. 2017-2018 оқу жылында «Зерде» жоба қорғау байқауында осы бағытта мектептен екі оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 11-сынып оқушысы Архатұлы Азамат 3-орынды иеленсе, 8-сынып оқушысы Гребенников Евгений 1-орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.
Биылғы оқу жылы осы бағытты жүзеге асыруда оқушылар үшін әр сәрсенбі сайын «Мен және робот» атты робототехника үйірмесі өткізіледі. Үйірме жетекшісі IT курсын өткен математика пәні мұғалімі Уалиева Жаныл Нурмухамедовна. Үйірме барысында қыркүйек айынан бастап «Роботтар әлемінде», «Айға саяхат» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. «Робототехниканы меңгере отырып, оқушылар инженерлік-техникалық шығармашылықты, бағдарламалау, жоғары технологиялар мен электрониканы үйренеді». Осы бағытты жүзеге асыруда мұғалімнің үлесі зор.
Қазіргі кезде үйірмеге келіп жүрген оқушылардың жетістіктері жаман емес. Жергілікті балалар, әсіресе, өндіріске қажетті, өлкеге пайдасы тиетін құлтемір құрастырғылары келеді. Жаныл Нурмухамедовна, робототехника нұсқаушысы: - Бұл балаларға қызық. Оларға бізде еркіндік беріледі. Өз қалауы бойынша робот құрастырады. Арманымыз – өндіріске де, ауыл тұрғындарына да пайдалы болатын құлтемір шығару..
3Д модельдеу және Интернет. Телекоммуникациялық желілер бағыты бойынша қазіргі таңда әр бейсенбі сайын «3Д моделдеу және Интернет. Теллекоммуникациялық желілер» үйірмесі өткізіледі. Үйірме жетекшісі – орыс тілі мұғалімі Сулейменова Альмира Казбековна. Үйірменің жалпы мақсаты- оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау,
сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу, 3Д модельдеу және бағдарламалау бойынша білімдерін тереңдету, оны өмірде қолдана алу.
Бұл үйірмеде Альмира Казбековна оқушыларды бағдарламалау, сайт ашу жұмыстарының заманауи әдістерін, үшөлшемді суреттерді басып шығаруды үйренуде. Алдағы уақытта оқушылар үшөлшемді суреттерді, фигураларды басып шығармақ.
Сонымен қатар, мұғалімдер бұл сыныпта әр түрлі тақырыптарда сынып сағаттарын, оқу пәндерін атап айтсақ биология, ағылшын тілі пәндері сабақтарын ұтымды өткізуде.
Жоғарғы технологияны дамыту заман талабы. Сондықтан, оқушыларды қазірден бастап осы бағытта үйрету, цифрлық технологияны шәкірттерге бүгіннен бастап меңгерту, мына біздің ұстаздардың қолында. Қазіргі таңда осы бағыт бойынша мектеп ұстаздары тынбай еңбек етуде.
.