Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2020 ж » КГУ "Каменская средняя школа"
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Каменская средняя школа"
отдела образования Уланского района
Приемная :
+7(77233) 43-53-29
Бухгалтерия:
+7(77233) 43-53-69
Версия для
слабовидящих
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2020 ж
05
январь
2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2020 ж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 


        І. Кіріспе бөлім

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің нысаны: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі өткізілді: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс тобымен, Каменка ауылы, Орталық көшесі, 1 үй, kamenkash@mail.ru, тел. 35-329.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің өткізілу мерзімі: 24-29 желтоқсан 2020 жылы

4. Бақылау кезеңі:  2020 жылдың қаңтар-желтоқсан  айлары

ІІ. Ақпараттық – талдау бөлімі.

Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 2020 жылдың 12 айында азаматтардан 31 өтініш түскен және олардың барлығы толық көлемде қанағаттандырылды.

Қызметкерлерді басқару: 2020 жылдың 29 желтоқсанында штат бойынша педагог қызметкерлердің саны 31,72, нақты – 24, 2020 жылдың 29 желтоқсанында (штаттан тыс және техникалық қызметкерлер) жұмысшылардың штат бойынша саны – 33,5; нақты – 24. 7 адам жұмыстан еңбек шартының аяқталуына байланысты шыққан, 1 адам зейнеткерлікке шығуына байланысты,  жағымсыз негіздерге байланысты жұмыстан босатылған адам -0.

Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде рұқсат беру функциялары жоқ.

Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде бақылау міндеттері қарастырылмаған.

2020 жылдың  12 айында  31  мемлекеттік сатып алу  келесі тәсіл бойынша өткізілді: оның ішінде  31– бір көзден тікелей келісім-шарт жасау арқылы, бұзушылықтар жоқ.

Қаржылық – шаруашылық қызмет бойынша тексеру зерттелген кезеңде  жүргізілген жоқ.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ұлан ауданының  «Каменка орта мектебі» КММ қызметін  жұмыс тобының бағалауы:

Талдау жүргізу мерзімінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ қызметкерлері  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін  тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар. 

Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс комиссиясы ұсынады:

  1.  Білім беру саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жалғастырылсын. 
  2. Мектеп жұмысшылары арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмыстар жандандырылсын.

Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қорытындысы негізінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлық қауіпіне ішкі талдау жүргізілсін.




Жұмыс тобының жетекшісі                                     А.Калижарова

Жұмыс тобының мүшелері                                      М.Шумская

                                                                                       С.Алымханова

                                                                                       А.Кусаинова

Жұмыс тобының хатшысы                                 А.Шпак