Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2019 ж
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы
І. Кіріспе бөлім
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің нысаны: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі өткізілді: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс тобымен, Каменка ауылы, Орталық көшесі, 1 үй, kamenkash@mail.ru, тел. 35-329.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің өткізілу мерзімі: 2019 жылғы 23 желтоқсанан басталып, 28 желтоқсанда аяқталды.
4. Бақылау кезеңі: 2019жыл
ІІ. Ақпараттық – талдау бөлімі.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 2019 жылдың 12 айында азаматтардан 49 өтініш түскен және олардың барлығы толық көлемде қанағаттандырылды.
Қызметкерлерді басқару: 2019 жылдың 1 желтоқсанына штат бойынша педагог қызметкерлердің саны 31,72, нақты – 23, 2019 жылдың 1 желтоқсанына (штаттан тыс және техникалық қызметкерлер) жұмысшылардың штат бойынша саны – 33,5; нақты – 24. 10 жұмысшы өз еркінімен жұмыстан шыққан, 7 еңбек шартының аяқталуына байланысты, 1 зейнеткерлік жасқа толғандықтан, 1 жағымсыз негіздерге байланысты жұмыстан босатылды.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде бақылау міндеттері қарастырылмаған.
2019 жылдың 12 айында 56 мемлекеттік сатып алу келесі тәсіл бойынша өткізілді: оның ішінде 54 – бір көзден тікелей келісім-шарт жасау арқылы, 2 - бір көзден өткізілмеген сатып алу бойынша, бұзушылықтар жоқ.
Қаржылық – шаруашылық қызмет бойынша тексеру зерттелген кезеңде жүргізілген жоқ.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ қызметін жұмыс тобының бағалауы:
Талдау жүргізу мерзімінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс комиссиясы ұсынады:
- Білім беру саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жалғастырылсын.
- Мектеп жұмысшылары арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмыстар жандандырылсын.
Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қорытындысы негізінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлық қауіпіне ішкі талдау жүргізілсін.
Жұмыс тобының жетекшісі А.Ерсаинова
Жұмыс тобының мүшелері М.Шумская
С.Алымханова
А.Кусаинова
Жұмыс тобының хатшысы А.Шпак