Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы » КГУ "Каменская средняя школа"
Восточно-Казахстанская область
Коммунальное государственное учреждение
"Каменская средняя школа"
отдела образования Уланского района
Приемная :
+7(77233) 43-53-29
Бухгалтерия:
+7(77233) 43-53-69
Версия для
слабовидящих
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы
31
май
2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы

І. Кіріспе бөлім
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің нысаны: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі өткізілді: Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс тобымен, Каменка ауылы, Орталық көшесі, 1 үй, kamenkash@mail.ru, тел. 35-329.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің өткізілу мерзімі: 20-25 мамыр 2022 жылы
4. Бақылау кезеңі: 2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары
ІІ. Ақпараттық – талдау бөлімі.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 2022 жылдың 5 айында азаматтардан 32 өтініш түскен және олардың барлығы толық көлемде қанағаттандырылды.
1 өтініш келіп түсті, жауап уақытында берілді.
Қызметкерлерді басқару: 2022 жылдың 25 мамырында штат бойынша педагог қызметкерлердің саны 35, нақты – 27, 2022 жылдың 25 мамырында (штаттан тыс және техникалық қызметкерлер) жұмысшылардың штат бойынша саны – 32,5; нақты – 20. 5 адам жұмыстан еңбек шартының аяқталуына байланысты шыққан, 5 адам өз еркімен жұмыстан босатылды, жағымсыз негіздерге байланысты жұмыстан босатылған адам - 0.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде рұқсат беру функциялары жоқ.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ-сінде бақылау міндеттері қарастырылмаған.
2022 жылы 5 ай ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша 22 сатып алу жүргізілді, оның ішінде:
- 4- келісім шартты бір көзден таңдау әдісі арқылы;
- 8 баға ұсыныстарын сұрату бойынша;
- 10 бір көзден таңдап алу өткізілмегендер бойынша; Заң бұзушылықтар жоқ.
Зерттеліп отырған кезеңде қаржы-шаруашылық қызметті тексеру жүргізілген жоқ.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ қызметін жұмыс тобының бағалауы:
Талдау жүргізу мерзімінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар.
Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ жұмыс комиссиясы ұсынады:
1. Білім беру саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жалғастырылсын.
2. Мектеп жұмысшылары арасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмыстар жандандырылсын.
Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қорытындысы негізінде Ұлан ауданының «Каменка орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлық қауіпіне ішкі талдау жүргізілсін.



Жұмыс тобының жетекшісі А.Сулейменова
Жұмыс тобының мүшелері М.Шумская
С.Алымханова
А.Кусаинова
Жұмыс тобының хатшысы А.Шпак


rezultat-kaz-2022.pdf [383,68 Kb] (cкачиваний: 18)
Посмотреть онлайн файл: rezultat-kaz-2022.pdf
rezultat-rus-2022.pdf [376,79 Kb] (cкачиваний: 17)
Посмотреть онлайн файл: rezultat-rus-2022.pdf